Еліміздің он өңірінде өрт қаупі бар

25 Шілде 2019, 01:55
1981
Бөлісу:
Еліміздің он өңірінде өрт қаупі бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың барлық аумағында дерлік (Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында) өрт қаупі бар»,-делінген хабарламада.

2019 жылғы 23 шілдеде Ақмола (Ақкөл ауданы), Ақтөбе (Ырғыз, Мұғалжар аудандары), Жамбыл (Мерке, Талас аудандары), Қостанай (Алтынсарин, Қамысты аудандары), Павлодар (Шарбақты ауданы), Солтүстік Қазақстан (Айыртау ауданы) облыстарында 11 учаскеде табиғи өрт оқшауланып, жойылды. Аталған өңірлерде жергілікті жерлерде және орман шаруашылықтарында құрғақ шөп пен ормандар өртенді.Оның жалпы ауданы 10 мың га құрады.

Өрттің алдын ала себебі - найзағай разряды және тұрғындардың отты абайсыз пайдалануы. Табиғи өртті жоюға орман шаруашылығы, ерікті өрт сөндіру құрылымдары, ТЖД күштері мен құралдары тартылды.

Қазіргі уақытта Жамбыл, Қарағанды және Түркістан облыстарындағы құрғақ шөптің жануы, сондай-ақ Павлодар және Қостанай облыстарындағы орман алқаптарының жану фактілері ТЖ комитетінің бақылауында. 

2019 жылғы 24 шілдеде таңертең дала жануы бойынша жағдайды анықтау үшін ТЖД және орман шаруашылығы күштері ТЖМ Ми-171 құтқару авиациясы тікұшағымен Жамбыл облысының Меркі және Талас аудандарының жану аумағын аралап шықты. Ұшудың нәтижесі бойынша Меркі ауданында құрғақ шөптің жануының тағы бір ошағы табылғаны анықталды.

Сонымен қатар, 2019 жылғы 24 шілдеде Павлодар облысының Шарбақты ауданында, Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман алқабы жануының жаңа фактілері тіркелді. Өрт алаңы мен себебі анықталуда. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өртті жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрылымдары, орман шаруашылығы күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Қарағанды облысында 2019 жылғы 24 шілдеде Шет және Жаңаарқа аудандарында болған құрғақ шөптің жануына байланысты 2 жағдай орын алды, ерікті өрт сөндіру құрылымдары жұмылдырылды.

Түркістан облысында 2019 жылғы 24 шілдеде Сарыағаш және Түлкібас аудандарында құрғақ шөп өртенді, ерікті өрт сөндіру құрылымдары, ТЖД, жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.

Жыл сайын табиғи өрттер мемлекетке үлкен материалдық залал әкеледі, флора мен фаунаға орны толмас зиян келтіреді. Жыл басынан бері 296 орман (+67%, 2018ж. - 177) және 13 дала өрті (-38%, 2018ж. - 21) тіркелді, 2 310 жану (+37%, 2018ж. – 1 685) болды.

Табиғи өрттердің туындау қатерін болдырмау және азайту мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар алдын алу шараларының кешенін жүргізеді. Орман-дала алқаптары мен демалыс орындарында 3 300-ден астам бірлескен рейд жүргізілді. Нәтижесінде заңсыз өртеу, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің бақылаусыз құлауы, сабанды өртеу және басқа да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 558 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Төтенше жағдайлар комитеті халықты өрт қауіпті кезеңде орманда және далада өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Орманда жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға, от жағуға және өрт қауіпті кезеңде қоқыстарды жағуға, орманда май және бензин сіңген сүрту материалын қалдыруға, шыны ыдыс және сынған шыны қалдыруға тыйым салынады.
       

Өзгелердің жаңалығы