Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

7 Наурыз 2020, 09:02
1030
Бөлісу:
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 7 наурыз күні Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық жағдай қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

"Қазгидромет" РМК-нің хабарлауынша, сенбі - 7 наурызда Қарағанды және Теміртау қалаларында қолайсыз ауа райы күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

Өзгелердің жаңалығы