Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

16 Сәуір 2019, 17:42
2013
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК-ның хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел екпіні күшейеді.

"17 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз найзағай болады, шығыс, оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-да.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с күтіледі.

Көкшетауда 17 сәуірде таңертең және күндіз тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.    

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады түнде кей жерлерде, күндіз кей уақытта 15-20 м/с күтіледі. Қостанайда 17 сәуірде жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с күтіледі.     

17 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. Оралда күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 17 м/с-ке күшеюі күтіледі.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с күтіледі.

Астанада 17 сәуірде түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%. 

Өзгелердің жаңалығы