Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
28-30 наурыз аралығында күтіліп отырған қатты жауын-шашынға байланысты Түркістан мен Жамбыл облыстарының тау етегі аудандарында, сонымен қатар, 30 наурызда Алматы облысының және Алматы қаласының маңындағы аймақтарда баурайлы ағынның пайда болуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
28-29 наурызда қатты жауын-шашын болжамына сәйкес Ақтөбе облысында мұздық құбылыстырдың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жел шығыстан 15-20 м/с күтіледі. Қостанайда 28 наурызда күндіз жел шығыстан 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%
28 наурызда Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с сақталады.
Қызылордада 28 наурыз күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел күтіледі.
28-29 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. 28 наурызда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Петропавлда 28 наурызда тұман болады, 29 наурызда көктайғақ болады, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %.