Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 8-10 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
Еліміздің солтүстік және шығыс жартысында жаңбырдың арты қарға ұласуын тудырған Солтүстік циклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз ықпалын тигізуді жалғастырады.
Мұнда жауын-шашын, тұман, көктайғақ, екпінді жел сақталады.
Алайда, циклонның артына кезекті антициклон жылжып келеді, соның ықпалынан жауын-шашын тоқтап, еліміздің көптеген облысында ауа температурасы төмендейді. Тек батыста күздегідей жылы ауа райы сақталады.