Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 16 қыркүйек күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн суытып, ауа райы бұзылатынын хабарлады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, шаңды дауыл тұрады. Өңірде және облыс орталығы Ақтау қаласында батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің күші - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күн күркіреп, шаңды дауыл соғады. Батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны таңертең және күндіз - 15-20 м/с. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады. Облыс аумағында және Атырау қаласында желдің күші күндіз - 15-20 м/с.
Ақтөбе облысында да солай - ке й жерлерде күн күркірейді, батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны 18 м/с жетеді.
Шымкент қаласында батыстан ескен желдің екпіні - 15-20 м/с болады.
Ақмола облысында және Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с.
Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз 23 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде және Петропавл қаласында нөсер жаңбыр жауады. Н айзағай жарқылдап, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел еседі. Жел қарқыны - 15-20, кей кезде 23-28 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде және Өскемен қаласында оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 25 м/с болады.
Түркістан облысының кей жерлерінде және Түркістан қаласында шаңды дауыл соғып, батыстан күшті жел тұрады. Жел қарқыны - 15-20 м/с, күндіз - 23 м/с.