Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

10 Қараша 2019, 09:16
1982
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 қарашада атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, деп  хабарлады "Қазгидромет" РМК. 


Жауын-шашын жауып, шығыста жел күшейіп, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тек республиканың оңтүстік-батысы мен батысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Павлодар облыстарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжануда, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей аумағында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Алматы облысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей аумағында тұман күтіледі, Маңғыстау облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, таңертең және күндіз Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы