Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен тұман күтіледі

17 Желтоқсан 2019, 09:19
2114
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен тұман күтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республиканың басым бөлігінде Қарағанды облысының орталығы арқылы өтетін антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. 

Тек республиканың батыс, солтүстік-батысының кей жерлерінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, сақталады, солтүстік-батыста желдің күшеюі болжануда.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ. Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болжануда.

Өзгелердің жаңалығы