Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

20 Наурыз 2019, 09:02
2199
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Астана, BAQ.KZ. Қазақстанның оңтүстігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жаңбыр жауады, республиканың қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Кей жерінде тұман түсіп, жел күшейіп, онтүстіктің кей жерінде найзағай, шаңды дауыл болады.

Жамбыл, Қызылорда, Қарағанда облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шанды дауыл болады. Алматы облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Жаланашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. 

Түркістан облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазакстан облыстарында, түнде Павлодар облысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы