Еліміздің 7 қаласында метеожағдай нашарлауы мүмкін

11 Қаңтар 2020, 08:45
723
Бөлісу:
Еліміздің 7 қаласында метеожағдай нашарлауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 қаңтар күні Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, 2020 жылдың 11 қаңтар күні Қарағанды, Ақтөбе, Талдықорған, Семей, Өскемен, Теміртау және Нұр-Сұлтан қалаларында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластанады. Қазақстанның өзге қалаларындағы ауа сапасы бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Өзгелердің жаңалығы