Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгиромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін түнде Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерінде 15-20 м/с жетеді.
Ал Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде күндіз, 10 қазанда тәулік бойы тұман түседі, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 жетеді.
Петропавлда ертең күндіз, 10 қазанда тәулік бойы батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының кей жерінде 9 қазан күні түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерінде 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерінде түнде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерінде 15-20 м/с жетеді. Түнде кей жерінде 3 градус үсік жүреді.
Шымкентте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Түркістан қаласында ертең күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с күшті жел соғалды. Түнде 1-3 градус суық болады.