Еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Қазақстан қалаларындағы 2 маусым күнгі ауа сапасы туралы болжам жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;"Қазгидромет" РМК.</h4>

 2 Маусым 2020 2020, 08:47
2 Маусым 2020 2020, 08:47
2592

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан қалаларындағы 2 маусым күнгі ауа сапасы туралы болжам жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Атап айтқанда, 2 маусымда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Шымкент, Балқаш, Алматы және Теміртау қалаларында тіркеледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Наверх