Еліміздегі орташа жалақы қанша?

1 Қараша 2021, 11:01
2456
Бөлісу:
Еліміздегі орташа жалақы қанша?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 243 мың теңгені құрады. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті.

2021 жылғы ІІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 243 667 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2020 жылдың тиісті тоқсанына 119,3%, ал нақты жалақы индексі 109,8% құрады, – делінген статистикалық мәліметте.

Ең үлкен атаулы жалақы тіркелді:

- тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында тіркелді – 501,0 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары);

- қаржы және сақтандыру қызметінде – 452,8 мың теңге (1,9 есеге жоғары);

- кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 369,5 мың теңге (1,5 есеге жоғары);

- ақпарат және байланыс саласында – 331,1 мың теңге (1,4 есеге жоғары).

Ал ең төменгі атаулы жалақы тіркелді:

- сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметкерлерінде - 154,9 мың теңге;

- ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында – 167,5 мың теңге.

Өңірлер бойынша ең жоғарғы орташа еңбекақы Атырау облысында белгіленді – 419,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары.

Түркістан облысында мұның шамасы 181,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 25,7% төмен.

Айта кетейік, халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемеақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтардан басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

Өзгелердің жаңалығы