Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінде жұмыс істеп жатырмыз. Бізде ұлттық оператор мен лоукостер сегменті бар. Бүгінде біз «ашық аспан» аясында лоукостерлермен жұмыс істеудеміз. Біз оларға ұшып келуге және кетуге рұқсат береміз. Мысалы, Түркияға және Еуропаға және тағы басқа бағыттарға қарастырылады. Біз әуе билеті арзан болады деп жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті ведомство басшысы Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Сонымен қатар ол мұның себебіне де тоқталды.
Себебі, олар – лоукостерлер. Олар Азиядан ұшып кетіп, (жолаушыларды – ред.) Еуропа, Түркияға алып кетеді. Онда қызмет көрсету басқаша болады. Бірақ олар әлем мойындаған лоукостерлер болады, - деді Қайырбек Өскенбаев.