Елімізден Қытай нарығына сүт өнімдері жіберілуі мүмкін

7 Қазан 2021, 17:26
16898
Бөлісу:
Елімізден Қытай нарығына сүт өнімдері жіберілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында QazTrade бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева хабарлады. 

Оның айтуынша, былтыр тамақ өнеркәсібінің 35 кәсіпорны Қытай нарығына шығуға дайын болған көрінеді.

Мысалы, қазір балмұздақ, қоюландырылған сүт, кілегей, ірімшік және сүт Қытайда саудалануы мүмкін, - деп атап өтті Әсел Егембердиева. 

Сонымен қатар ол экспорттық акселератор бағдарламасына қатысу туралы сөз қозғады. 

Кешенді, практикаға бағдарланған, бизнесті толық сүйемелдеуді ұсынатын бағдарлама болып табылады. Ол диагностика мен экспорттық стратегияны әзірлеуден бастап маркетингке, сатып алушыны іздеуге және келісімшарт жасасуға дейінгі кезеңді қамтиды, - деді спикер. 

Айта кететін жайт, бағдарламаның екінші кезеңіне сәйкес 100 кәсіпорынға, яғни тамақ өнеркәсібі, жеңіл, химия, машина жасау өнеркәсібі компаниялары және қызмет көрсетушілерге экспортқа шығуға жол ашылады. Олардың барлығы Қытайға, Ресейге, Таяу Шығысқа, Орталық Азияға экспортқа шығарылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін отандық 5000-ға жуық тауар түрлері әлемнің 120 еліне экспортталатындығы туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы