Қазақстаннан экспорталатын көмірдің 65%-і Ресейге кетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Біздің өнім көрші елдің жылу эклектр станцияларын қуат көзімен қамтиды. Бұл туралы «Қазақстан Темір жолы» компаниясының жүк тасымалы бөлімі мәлімдейді.
Олардың мәліметі бойынша, биыл 7 айда 62 миллион тонна көмір тиелген. Оның 19 миллионнан астамы экспортқа кетті. Қазақстанның ішкі нарығына 42 млн тоннадан астам көмір жөнелтіліпті.
Соның ішінде 37 миллионы жылу электр станцияларына болса, қалған 5 миллион тоннасы халыққа арналған. Соңғысы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26% көп.
Ал Ресей көміріне салынған санкиця біздің экспортқа қалай әсер ететіні әзірге белгісіз.
Экспортқа кеткен көмірдің 65%-і Ресейдің жылу электр станцияларына, 29%-і Еуропа елдеріне және 6%-і Орталық Азия елдеріне жөнелтілді. Жалпы жыл басынан бері Қазақстаннан шетелге 19,6 млн тонна көмір экспортталды,- дейді «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов.