Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістанның солтүстік-шығысында Пенджаб провинциясында болған қайғылы оқиғаны ескере отырып, еліміздегі жолаушылар пойызындағы өрт қауіпсіздігін тексеру күшейтіледі. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР ИИДМ Көлік комитеті Көліктік бақылау инспекцияларына ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің құрылымдық бөлімшелерімен және "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ-мен бірлесіп республика аумағы бойынша жүретін барлық жолаушылар пойыздарында өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуді әрі күшейтуді тапсырды, - делінген ведомствоның хабарламасында.
Жалпы жыл басынан бері аумақтық көліктік бақылау органдары жол бойында 866 жолаушы пойызын тексерді, оның ішінде 577 "Жолаушылар тасымалы" АҚ, 39 "қала маңындағы тасымал" АҚ, 11 "қала маңындағы жергілікті атқарушы орган", 111 ТМД қалыптастыру пойызы және 132 "жеке тасымалдаушылар".
Нәтижесінде 5136 жолаушы тасымалдау ережесін бұзғаны анықталды, оның ішінде 38 өрт қауіпсіздігі бойынша бұзушылық.
Бүгінде тасымалдаушылар бөлінісінде өртке қарсы қауіпсіздікті бұзу былайша құрайды:
"Жолаушылар тасымалы" АҚ - 27;
"Қала маңы тасымалы" АҚ - 4;
"Қала маңындағы жергілікті атқарушы орган" - 1;
"Жеке тасымалдаушылар" - 6 (Марал Нур-3 ЖШС, Nomadas-3 ЖШС).
Өрт қауіпсіздігі бойынша анықталған негізгі бұзушылықтарға өрт күзеті мен сигнал беру жүйесінің болмауы жатады.