Еліміздегі тұрғын үйлерде 13 мыңнан астам улы газды анықтау датчигі орнатылған

28 Қазан 2023, 03:30
486
Бөлісу:
Еліміздегі тұрғын үйлерде 13 мыңнан астам улы газды анықтау датчигі орнатылған
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Биыл республика бойынша улы газдармен байланысты оқиғалардың алдын алу үшін жеке тұрғын үйге 13 мыңнан астам газ анықтау датчигі орнатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, халықтың өртке қарсы мәдениетін арттыру мақсатында тұрғын үй секторында жылыту маусымына дайындық кезеңінде 15 тамыздан 13 қазанға дейін халыққа пештерді, электр жылыту аспаптарын орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын және өрт туындаған кездегі іс-қимылдарды түсіндіру бойынша Өрт қауіпсіздігі акциясы өткізілді

Өрт қауіпсіздігі акциясы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының 130 мыңнан астам үй профилактикалық жұмыстармен қамтылды, оның барысында 341 мыңнан астам азаматқа нұсқау берілді.

Сонымен қатар, өткен жылыту маусымдарының тәжірибесіне сүйене отырып, профилактикалық жұмыстар автономды жылыту жүйелерімен байланысты төтенше жағдайларға бейім тұрғын үйлерді қамтиды. Аула аралауларымен 475 мыңнан астам үй қамтылды, 977 мыңға жуық азаматқа нұсқау берілді.

ТЖМ жылыту кезеңінде артатын қауіптерді еске салады. Мұржаларды уақтылы тазалап, пештерді жөндеу қажет. Ақаулы жылыту аспаптары мен газ жабдықтарын пайдалануға тыйым салынады. Балаларға пештерді өздігінен жағуды тапсырмаңыз.

Құрметті азаматтар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстаныңыздар, сонда сіз өзіңізді және жақындарыңызды сақтайсыз.

Өзгелердің жаңалығы