Еліміздегі су қоймалардың жағдайы белгілі болды

13 Мамыр 2024, 18:54
387
Бөлісу:
Еліміздегі  су қоймалардың жағдайы белгілі болды
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Елімізге Ресей Федерациясы аумағынан су келіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Су ресурстары және ирригация  министрлігіне сілтеме жасап.

Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі - 545 см, Атырау облысының Махамбет ауылында - 966 см. Жайық өзенінің деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтілуде.

«Қазсушар» мекемесінің жергілікті филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмыстарын жалғастыруда.

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 94%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда.

Орал қаласында Жайық өзенінің деңгейі - 754 см, ол бір тәулікте 4 см-ге төмендеді.

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқыны аяқталды.

Астананың қорғаныс бөгетінен Есіл өзеніне тәулігіне 4,32 млн текше метр су жіберіледі.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда. Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі - 1063 см. Ол бір тәулікте 6 см-ге төмендеді.

Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірдегі су тасқыны аяқталды.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 84,6%. Аймақта су тасқыны жалғасуда.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 57%-ға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқыны аяқталды.

Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқыны аяқталды.

Су қоймаларында «Қазсушар» мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда. Су қоймаларына жиналған су ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Өзгелердің жаңалығы