Еліміздегі «Qazaq Air» әуекомпаниясы сатылатын болды

18 Тамыз 2023, 11:06
784
Бөлісу:
Еліміздегі «Qazaq Air» әуекомпаниясы сатылатын болды
Фото: Qazaq Air баспасөз қызметі

Қазіргі кезде компания «Самұрық-Қазына» қорының меншігінде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл–ауқат қоры» акционерлік қоғамы өзіне тиесілі «Qazaq Air» АҚ-ның 49%-дан 100%-ға дейінгі акцияларын сататынын мәлімдеді.

Сауда-саттық екі кезеңде ашық конкурс бойынша өтеді. Акциялардың бастапқы/ең төменгі бағасы - 10,2 млрд теңге.

Конкурстың 1-кезеңінде конкурстық өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 28 қыркүйекте аяқталады. Ал 2-кезең бойынша Конкурстың қорытындылары 2023 жылдың 15 желтоқсанында жасалады.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты «Самұрық-Қазынаның» тапқан табысы - бүкіл қазақтың байлығы» деп мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы