Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-да өткен онлайн брифингте ҚР ДСМ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев еліміздегі тапшы мамандықтар санын айтып берді.
Осы жылдың 15 шілдедегі жағдай бойынша дәрігер кадрларының тапшылығы 5 201-ді құрады. Қостанай облысында 624 қызметкер қажет. Ең жоғары тапшылық осы өңірде.
Жас мамандарды бөлгеннен кейін кадрлар тапшылығының жақсаруы байқалады.10 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша кадрларға қажеттілік 1 079 бірлікке азайды. Осы ретте Қостанай облысында кадрларға қажеттілік 52%-ға азайды, - деді Қанат Төсекбаев ОКҚ алаңындағы брифингте.
Осылайша, қазіргі уақытта медициналық кадрлардағы тапшылық 4 122-ге түсті.
Ең үлкен тапшылық келесі мамандықтар бойынша байқалады:
- анестезиолог-реаниматологтар (393);
- терапевтер (346,75);
- ЖПД (319,5);
- дәрігер-зертханашылар (226);
- психиатрлар (213 дана);
- акушер-гинекологтар (203,5);
- педиатрлар (202,75);
- инфекционистер (121,5);
- эпидемиологтар (102,5);
- неонатологтар (85,25).
Сонымен қатар Республика бойынша орта медицина қызметкерлеріне тапшылық 8 583-ті құрайды.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қанат Төсекбаев елімізде қанша медицина қызметкері бар екенін айтты.