Еліміздегі мамандандырылған ХҚКО жұмысын уақытша тоқтатты

4 Қаңтар 2020, 14:39
1757
Бөлісу:
Еліміздегі мамандандырылған ХҚКО жұмысын уақытша тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты бүгін, 4 қаңтарда елімізде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Facebook-тегі ресми парағында хабарланған.

Қазақстан ішкі істер министрлігінің бастамасымен көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлерді дайындауға жауап беретін ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бойынша функциялар "Ақпараттық-өндірістік орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны қарамағына берілді, - делінген мәліметте.

Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 4 қаңтарда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.

Бүгін "Азаматтарға арналған үкіметтің" мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттар дайындайтын жабдықтар мен жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы