Мүгедек жандардың әлеуметтік мүмкіндігін арттыру маңызды – Қожахмет

26 Тамыз 2020, 12:47
2084
Бөлісу:
Мүгедек жандардың әлеуметтік мүмкіндігін арттыру маңызды – Қожахмет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет ҚР президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» өткен онлайн брифингте айтты.

Қоғамда өзекті мәселелердің бірі – азаматтық сектордың инклюзивті қоғамды, ортаны дамытудағы жаңа тәсілдері мен трендтерін қолдана отырып, еліміздегі мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік мүмкіндігін арттыру. Үкіметтік емес ұйымдар мүмкіндігі шектеулі адамдарды білім беруде, жұмысқа орналастыруда, физикалық-эмоционалды дамытуда жаңа шешімдер ұсына алады. Олардың көбі әлеуметтік кәсіпкерлікке ауысып, өзінің бәсеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын дамыта отырып, жаңа деңгейге қадам жасайды, - деді ол.
Оның айтуынша, мемлекет басшысының басым міндеттерінің бірі ретінде халықтың билікке сенім деңгейін арттыру, халық үніне құлақ асатын мемлекетті дамыту мәселелерін алға қойғандығы анық. 

Осыған орай, әлеуметтік мәселелерді шешудегі мемлекеттік органдардың халықпен, азаматтық қоғам өкілдерімен жүйелі өзара іс-қимыл жасау аса маңызды.
Өзгелердің жаңалығы