2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 286 084 адамды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Оның ішінде:
қала тұрғындары – 12 774 743
ауыл тұрғындары – 7 511 341
Былтырғы жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен - 235 078 адамға, көші-қон есебінен 17 164 адамға.
Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 6,91% бен 2,86%, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді – 2,80%.
Республикалық маңызы бар қалалардан басқа, бір миллионнан астам халқы бар облыстар – Түркістан (2,1 млн), Алматы (1,5 млн), Жамбыл (1,2 млн) және Қарағанды (1,1 млн).