Еліміздегі ең жас нашақор неше жаста?

25 Тамыз 2022, 13:04
1969
Бөлісу:
Еліміздегі  ең жас нашақор неше жаста?

Бұл туралы «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жанар Қалмакова Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Елімізде 2017 жылдың желтоқсаны мен 2018 жылдың маусымы аралығында жастар арасында есірткіні қолдану жөніндегі ұлттық зерттеу (ESPAD) жүргізілді. Оның негізгі мақсаты – тұтынудың клиникалық, әлеуметтік-эпидемиологиялық себептерін анықтау және 13-18 жас арасында заттарды қолданудың таралуын зерттеу болды. Іріктеме көлемі Қазақстанның барлық аймағының географиялық қамтылуымен жалпы білім беретін мектептер мен орта арнаулы оқу орындарының оқушыларының арасында, яғни 13-18 жас аралығындағы қыз бен жігітті қамтыды. Олардың саны 9111 адамды құрады, – деді ол. 

Қалмақова зерттеулер денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктері, республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы және Біріккен ұлттар ұйымының есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының бірлескен іс-қимылдарының нәтижесінде жүргізілгенін айтты.

Денсаулық сақтау министрлігі, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы және жергілікті атқарушы органдар есірткі тұтынудың алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында белгілі жұмыстар атқарып жатыр, – деді ол. 

Қалмақова атағандай, сауалнама бойынша психоактивті затқа тәуелді болып тіркелген ең жас адамның жасы 13-те болса, есірткінің дәмін алғаш рет татып  көрген баланың жасы 11-де екені анықталған. 

Өзгелердің жаңалығы