Еліміздегі ең ұзын көпір жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

19 Қыркүйек 2024, 22:17
470
Бөлісу:
Еліміздегі ең ұзын көпір жыл соңына дейін пайдалануға беріледі
Фото: facebook/Берік Уәли

Еліміздегі екі бірдей облыстың, 6 ауданның арасын жалғайтын стратегиялық нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Президент кеңесшісі, Баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында мәлімдеді.

Айтуынша, осыдан тура 5 жыл бұрын, 19 қыркүйек күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне твиттер арқылы Бұқтырма су қоймасына көпір салу үшін қаржы бөлуді тапсырған.

Бұл көпір жергілікті тұрғындар үшін көптен күткен қуаныш, сүйіншілейтін үлкен жаңалық болайын деп тұр. Өйткені Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының Марқакөл, Күршім, Катонқарағай және Көкпекті аудандарының тұрғындары 50 жыл бойы жол азабын тартты. Жазғы уақытта паром арқылы, қыс мезгілінде мұз үстімен жүрді. Талай адамның суға кеткені де жасырын емес. Сондықтан бұл көпірді салудың маңызы жоғары еді. Бұл – еліміздегі ең ұзын көпір болмақ. Екі жолақты автомобиль көпірінің жалпы ұзындығы 1316 метрді құрайды. Тәулігіне 80 мың көлікке дейін өткізе алады. Сонымен қатар жоба аясында ұзындығы 18,6 шақырым болатын көпірге қосылатын жаңа автожол құрылысы қарастырылған, - деп жазды Берік Уәли.

Өзгелердің жаңалығы