Еліміздегі босқындардың көбі қай елден?

20 Қыркүйек 2024, 12:26
260
Бөлісу:
Еліміздегі босқындардың көбі қай елден?
Фото: pixabay.com

Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин елімізде қанша босқын пана іздеп жүргенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2024 жылға 1 қыркүйекте елімізде пана іздеген 368 адам және 310 босқын тұрады. Пана іздеушілер - 175 Украина, 136 Ауғанстан, 19 Ресей және 39 басқа елдердің азаматы. Ал босқындар – 213 Ауғанстан, 87 Украина, 5 ҚХР, 3 Сирия және 1 Өзбекстан азаматы.

Босқындар мен пана іздеушілердің басым бөлігі Алматы қаласында тұрады. Осы орайда, ынтымақтастықты дамыту және кеңейту мақсатында Еңбек министрлігі мен БҰҰ Босқындар комиссиясы жөніндегі Жоғарғы комиссарының Басқармасы арасында өзара түсіністік туралы меморандум жасалды, - деді Асқарбек Ертаев ОКҚ-да өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы