Еліміздегі барлық су қоймасына су жиналып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Солтүстік өңірдегі су қоймаларына орта есеппен 59% су жиналды. Айта кету керек, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 9%-ға көп.
Оңтүстікте су қоймаларына орта есеппен 58% су жиналды. Ал, еліміздің батысында жиналған судың көлемі - 77%, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14% -ға артық; Шығыстағы су қоймалары орта есеппен 60% суға толы, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға көп, - деп атап өтті ведомстводан.
Ал Орталық Қазақстанда су қоймаларына 61% су жиналғаны белгілі болды.