Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде

Бүгiн, 07:25
113
Бөлісу:
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Фото: gov.kz

Астанада «Ардагерлер кеңесі» РҚБ-ның Орталық аппараты төралқасының отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отырыста Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» идеологемасын іске асыру мәселелері талқыланып, жастарды тәрбиелеудің басым бағыттарына назар аударылды.

Осы саладағы негізгі стратегиялық құжат – Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы.

Айта кетейік, қоғамдағы ұлттық бірлік, этностар мен діни топтар арасындағы өзара түсіністік, жастарды есірткі, лудомания секілді түрлі жағымсыз әрекеттерден сақтауда ардагерлер иниституты үлкен рөл атқарады.

Сондай-ақ елімізде аталған бағыт бойынша 167,6 мыңнан астам адамды қамти отырып, 1,1 мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар өткізілді, - деп жазылған отырыс мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы