Еліміздегі 55 жылу орталығы толығымен жөнделеді. Тоқаев тапсырма берді

15 Наурыз 2024, 16:46
388
Бөлісу:
Еліміздегі 55 жылу орталығы толығымен жөнделеді. Тоқаев тапсырма берді
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында қазір жұмыс істеп тұрған 55 жылу орталығын толығымен жөндеу қажет екенін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық құрылтайда біз мәдени-гуманитарлық саланың және идеологияның жаңа бағдарын айқындаймыз. Осының бәрі ұлттық бірегейлігімізді нығайту және елімізді қарқынды дамыту үшін өте маңызды. Дегенмен, өзгерістердің басты мақсаты – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, - деп айтты ол.

Сондай-ақ Президент атағандай, әр азаматтың жан-жақты дамуына жағдай жасау керек. Осыған орай экономиканы дамытатын жаңа мүмкіндіктерді үнемі іздеп отыру керек.

Бізге әжептәуір мультипликативтік нәтиже беретін жобалар қажет. Сол үшін Үкіметке биыл ауқымды төрт инфрақұрылымдық бастаманы жүзеге асыруды тапсырамын. Ең алдымен қазір жұмыс істеп тұрған 55 жылу орталығын толығымен жөндеу қажет. Ұзындығы кемінде 6,5 мың шақырым болатын инженерлік жүйені жаңғырту керек. Бұл қадам азаматтар мен кәсіпкерлерге көрсетілетін коммуналдық қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, - деп айтты ол.

Өзгелердің жаңалығы