Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Еліміздегі 37 блогердің ісі сотта қаралуы мүмкін

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
24 Қыркүйек 2025, 17:55
659
Бөлісу:
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив
VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

37 блогерге қатысты материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Мәжілістегі брифинг барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

37 блогерге қатысты материалдарды біз уәкілетті органдарға жібердік. Қазір оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелері қаралып жатыр, – деді Елемесов.

Оның айтуынша, осы блогерлерге қатысты сот шешімі шығуы керек. Заңды күшіне енген соң, кейбір істер бойынша қылмыстық жауапкершілік мәселесі қаралады.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған блогерлерге қандай жаза көзделген?

Егер құқық бұзушылық бірінші рет жасалса – 300 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал екінші рет қайталанса – 750 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Қылмыстық жауапкершілік мәселесі әлі де тергеу сатысында. ҚМА өкілі тергеу нәтижесіне қарай істің қай бап бойынша сараланатыны анықталатынын жеткізді.

Қылмыстық жауапкершілікке қатысты нақты шешім – дәлелдемелерге байланысты қабылданады. Қандай баппен жауапқа тартылатыны тергеу нәтижесіне қарай белгілі болады, – деді Жеңіс Елемесов.

Еске сала кетейік, биыл 1 АЕК 3 932 теңгеге тең.

Бұған дейін ҚМА Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы