Еліміздегі оқушылардың 20 %-ы артық салмақтан арыла алмай жүр – жаттықтырушы

14 Қыркүйек 2020, 18:15
2070
Бөлісу:
Еліміздегі оқушылардың 20 %-ы артық салмақтан арыла алмай жүр – жаттықтырушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Спорттық биден ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Мектеп спорты федерациясының ресми өкілі Әлия Түсіпбекова елімізде оқушылардың 20 %-ы артық салмақтан арыла алмай жүргенін айтты. 

Соңғы жылдары спортқа қатты көңіл бөліне бастады. Енді негізгі басымдық кәсіпқой спортқа емес, балалар спортына берілетін болады. Мұны Мемлекет басшысының Жолдауынан да байқауға болады. Өкінішке қарай, көптеген жыл бойы балалар спортының мәселелері білім беру процестерінен тыс қалғанын мойындау керек. Бұқарлық спортты қамтамасыз ету мәселелеріндегі дұрыс емес нұсқаулар дене тәрбиесі жүйесінің дамуының төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Кейде жеке спорттық базасы жоқ балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері үшін аз бюджеттік дотациялар жастарды спортқа жаппай тартуға ықпал етпеді. Аула спортына тиісті көңіл бөлінбеді, - дейді Әлия Түсіпбекова ОКҚ-да өткен брифингте.

Оның айтуынша, балалар мен жасөспірімдердің 1/3 ғана белсенді өмір салтын ұстанады, ал әскерге шақырылуға дейінгі жастардың 40%-ы денсаулық жағдайы бойынша әскери қызмет талаптарына сәйкес келмейді. 

Дене шынықтыру сабақтары балалардың дене белсенділігінің жетіспеушілігін өтей алмайды. Бұл табиғи түрде созылмалы аурулардың өсуіне, жарақаттануға әкеледі және олардың физикалық даму деңгейіне әсер етеді. Балалардың едәуір бөлігі көру қабілетінің бұзылуынан зардап шегеді. Сонымен қатар, 20 %-ы қозғалыстың аз болуынан және дұрыс тамақтанбаудан семіздікке душар болып отыр. Бүгінгі таңда 40 мыңнан астам мүгедек бала ерекше білім беру қажеттіліктеріне мұқтаж. Алайда олармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін білікті мамандар мен қарапайым жағдайлар жетіспейді. Мектепте спорт жүйесі құрылмаған, - дейді ресми өкіл. 

Оның айтуынша, 1970 жалпы білім беретін мектепте спорт залдары жоқ. Білім беру ұйымдарының 9 мыңнан астам спорт ғимараттары 1991 жылға дейін және 1998 жылдан бастап 2 мыңнан астам салынған.

Ауылдық мектеп оқушыларының спорттық ғимараттардағы сұраныстары 30% ғана қанағаттандырылды. Мұндай жағдай балалардың өмір сүру деңгейіне және толық физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына қажетті жағдайларға құқығын шектейді. Спорт түрлері бойынша сабақтарды ұйымдастыру үшін білікті кадрлар да, спорттық жабдықтар мен мүліктер де жеткіліксіз. Ауыл мектептерінде кейде спорттық доптар да болмайды, - дейді Әлия Түсіпбекова.

Өзгелердің жаңалығы