Ел аумағында жылына 30 мыңға жуық нейрохирургиялық ота жасалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ұлттық нейрохирургия орталығының басшысы, еліміздің бас нейрохирургі Серік Ақшолақов елордада өткен Қазақстан нейрохирургтерінің V конгресінде мәлімдеді.
15 жыл ішінде Қазақстанда алғаш рет нейрохирургияның жаңа бағыттары енгізілді. Бұл – микронейрохирургия, эндоваскулярлық нейрохирургияны қоса алғанда, тамырлы нейрохирургиялық патологияларды емдеу, омыртқа мен жұлынның зақымдануы кезіндегі реконструктивтік операциялар, функционалды нейрохирургия, ісіктер мен мидың басқа да патологиялары кезінде нейромодуляция мен нейронавигациялық жүйелерді қолдану сынды жалпы алғанда 70 инновациялық технология енгізілді. Осы жылдар ішінде 40 мыңнан астам операция жүргізілді, оның ішінде III-V күрделілік санаты 90% құрайды. Бұрын Орталық ашылғанға дейін нейрохирургиялық патологиясы бар пациенттерге шамамен 80% елде жоғары технологиялық ем көрсетілмеген. Соңғы 15 жылда өңірлерге 64 технология трансферті жүзеге асырылды, соның арқасында көптеген облыстарда жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіледі. Бүгінгі таңда жоғары технологиялық нейрохирургиялық емдеу барлық қазақстандықтар үшін қолжетімді және олардың барлығы Орталықта сәтті қолданылуда, - деп атап өтті орталық басшысы.
Сонымен қатар ол елдегі нейрохирургия саласының дамығанын атап өтті.
Егер 2007 жылы елде 1191 нейрохирургиялық төсек, 223 нейрохирург болса және жылына 5516 операция жасалса, бүгінде бұл сан айтарлықтай өсті. Қазір операциялар саны жылына 29 723 операцияны құрайды. Басқаша айтқанда, нейрохирургтардың саны 2 есе артқан кезде жүргізілетін операциялардың жалпы саны 5 еседен астам өсті. Бұл жұмыс сапасын, дәрігерлердің біліктілігін арттыруды және олардың дағдыларын жақсартуды көрсетеді.
Бүгінде Қазақстанның нейрохирургиялық қызметі Ұлттық нейрохирургия орталығы мен 39 облыстық және қалалық ауруханалардың базасында орналасқан 51 нейрохирургиялық бөлімшеден тұрады. Дегенмен, әлі де кейбір мәселелер бар. Бұл нейрохирургтармен, аймақтардағы нейрохирургиялық төсектермен қамтамасыз етудің біркелкі еместігі және жарақтандыру проблемалары. Балалардың нейрохирургиялық төсектерінің саны аз, кейбір аймақтарда олар мүлдем жоқ. Осы мәселелердің барлығын біз ертеңгі отырыста міндетті түрде талқылаймыз, міндеттерді белгілейміз және Қазақстанның нейрохирургиясын одан әрі жақсарту және дамыту бойынша перспективалық жоспарлар жасаймыз, - деді Серік Ақшолақов.
Айта кету керек, кіші инвазиялық жұлын нейрохирургиясы, тамырлы және функционалды нейрохирургия, эндоскопиялық нейрохирургия сияқты басым бағыттарды дамыта отырып, Ұлттық нейрохирургия орталығы нейрохирургиялық нозологиялар бойынша пациенттерді емдеуде үлкен үлес қосты. Осылайша, нейрохирургиялық патологиялардан халықтың өлімі мен мүгедектігін төмендетті.