Елімізде жылу орталықтарын жөндеуге қанша қаржы бөлінеді

3 Сәуір 2024, 14:39
410
Бөлісу:
Елімізде жылу орталықтарын жөндеуге қанша қаржы бөлінеді
Фото: Үкімет

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мәжіліс кулуарында Қазақстандағы жылу электр станцияларын жөндеуге қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алмасадам Сәтқалиев еліміздегі барлық ЖЭС жөндеуге шамамен 380 миллиард теңге бөлінгенін айтты.

Оның ішінде 361 млрд теңге тариф қаражаты және осы станциялардың меншік иелері есебінен бағытталады. Қалған шамамен 20 млрд теңге мемлекеттің араласуы қажет объектілер бойынша және тариф максималды жүктемелерді көтеру үшін қажетті жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік бермейтін жерде Үкімет резервінің есебінен бөлінеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы