Елімізде жыл сайын мыңдаған бала зорлық-зомбылыққа ұшырайды – ЮНИСЕФ

26 Мамыр 2022, 17:06
2158
Бөлісу:
Елімізде жыл сайын мыңдаған бала зорлық-зомбылыққа ұшырайды – ЮНИСЕФ
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен мәлімдеді. 

Оның айтуынша, әлемде әр бесінші қыз бала мен 13-ші ер бала 18 жасқа толғанша жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. 

Әлемнің көптеген еліндегідей, Қазақстанда да балалар зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Зорлық-зомбылық физикалық, эмоциялық және жыныстық сипатта орын алуы мүмкін. Республикада балаларға қатысты жасалған қылмыстың 40%-дан астамы жыныстық зорлық түрінде орын алған. 2021 жылы 2088 қылмыс балаларға жасалса, оның 913-і жыныстық зорлық-зомбылық сипатына ие, - деп атап өттіБҰҰ-ның Балалар қорының еліміздегі өкілі. 

Сонымен қатар ол бұл заңдық тұрғыда жауапкершілікке тартылған жайттардың бір бөлігі ғана деп отыр. 

Көп жағдайларда зорлық-зомбылықтың жасырын сипатта болуы себепті қаншама қылмыс ашылмай жатады. Ересек халық пен балаларды қорғайтын ұйымдардың лауазымды тұлғаларының үштен екісі аталған жайтты елдегі «күрделі проблема» деп таныды. Жаһандық зерттеулер балаларға күш көрсету олардың физикалық және психикалық денсаулығына тікелей әсер ететінін, сондай-ақ өмірде өшпес із қалдыратынын көрсетті. Оның экономикалық тұрғыдан да зияны бар. Мәселен, балаларға жасалған зорлықтың жаһандық экономикалық салдары 7 трлн долларды құрайды. 2013 жылы бұл көрсеткіш әлемдік ЖІӨ-нің 8%-на тең болған, - деді Артур ван Дизен. 

Өзгелердің жаңалығы