Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин хабарлады. Оның айтуынша, елімізде жыл басынан бері елімізде 7 515 өрт тіркелген.
Салдарынан 251 адам қайтыс болып, 217 адамды түрлі ауырлық деңгейіндегі күйік шалып, уланған. Былтырғы жылмен салыстырғанда, өрттің жалпы саны 7%-ға төмендеген. Алайда қайтыс болғандар саны 20%-ға, жарақат алғандар 18%-ға артқан, - деп атап өтті Төтенше жағдайлар министрі.
Сондай-ақ тұрғын үй секторында 4 мыңнан астам өрт болған. Бұл өрттің жалпы санының 58%-ына тең.
Талдау жүргізу барысында барынша күрделі жағдай Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында болып отыр. Бұл өңірлерде өрт пен одан қайтыс болған адамдар саны орташа республикалық көрсеткіштен 2-3 есеге артық, - деп атап өтті Юрий Ильин.
Айта кетерлік жайт, ТЖМ әлемнің дамыған мемлекеттерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі халықаралық тәжірибесін зерттеген. Сонымен қатар әлемдік өрт статистикасын талдаудан өткізіпті.
Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, адам өрт басталып кеткеннен кейін 5-6 минут ішінде көз жұмады екен.