Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың І жарты жылында жұмыстан қысқарғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық.
Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылдың қаңтар-маусым аралығында елімізде 13,1 мың адам жұмысынан қысқарған. Бұл 2018 жылдың осы аралығымен салыстырғанда 7,9 мыңға көп.Сонымен қатар, жұмыстан қысқарғандардың басым көпшілігі 2019 жылдың І тоқсанында тіркеліп, 9 мың адамды құраған. Негізінен 500 адамнан 2,8 мыңға дейін жұмысшысы бар кәсіпорындарда қысқарту жүрген.
Мәселен, Алматыда 1844 адам жұмыстан қысқарса, Маңғыстау облысында – 1765, Нұр-Сұлтанда – 1652, Шығыс Қазақстанда -1207, Батыс Қазақстанда – 834 адам.
Сондай-ақ, кәсіпорындардың жабылуына байланысты жыл басынан бері 4,3 мыңнан аса адам жұмысынан айырылған.
Еске салсақ, 2015 жылы Қазақстанда 13,5 мың адам жұмыстан қысқарған болатын. Оның үстіне елімізде жұмыс іздейтіндердің саны ЕЭАО бойынша ең жоғары деп танылған.
Оқи отырыңыз: