Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» акциясы жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кеше Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығынан Петропавл қаласына азық-түлік, гигеналық заттар, көрпе-жастық тиелген 7 жүк машинасы келді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚХА төрағасының орынбасары, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету жөніндегі ҚХА штабының басшысы Ақбаржон Исмаилов хабарлады.
Оның айтуынша, Қазақстан бойынша 11 мыңнан астам ҚХА волонтері бар, оның 100 астамы СҚО-да жұмыс істеп, көмек көрсетіп жүр.