Елімізде жемпір өндірісі 9,7% өсті

23 Қараша 2023, 12:37
645
Бөлісу:
Елімізде жемпір өндірісі 9,7% өсті
Фото: Ұлттық статистика бюросы

2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте елімізде 137.5 мың дана жемпір, жилет және басқа да тоқыма бұйым өндірілді – бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7% көп, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте - 125,3 мың дана өндірілген.

Импорттың үлесіне жемпірдің 99,3% тиесілі болды – елге 20 млн дана киім әкелінді.

Тоғыз айда импорт 34,8% өскен. Ішкі нарықта 9 айда барлығы 19,9 млн дана өнім сатылды.

Өзгелердің жаңалығы