Елімізде жеке мақсатта өсімдіктер дүниесін пайдалану - тегін

23 Мамыр 2023, 16:19
1071
Бөлісу:
Елімізде жеке мақсатта өсімдіктер дүниесін пайдалану - тегін
Фото: BAQ.KZ

Бұл туралы бүгін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Құтпанбаев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Еске салайық, биыл 2 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Өсімдіктер дүниесі туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған Заң жабайы өсімдіктерді, олардың табиғи жағдайда өсетін әртүрлі популяцияларын, генетикалық қорды сақтау мақсатында арнайы жағдайларда ұсталатын бөліктерін, сондай-ақ жасыл желектерді қамтиды.

Заң ережелері ауылшаруашылық өсімдіктеріне, сондай-ақ жеке және қосалқы шаруашылықтарда, бақтар мен бақшаларда өсетін өсімдіктерге қолданылмайды. Өсімдіктер дүниесін пайдалану жалпы және жеке тәртіппен жүзеге асырылады: жеке және үйде пайдалану үшін тегін, алкоммерциялық мақсатта арнайы пайдалану үшін ақылы, - деді Ерлан Құтпанбаев орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкілетті органының шешімімен бекітілген лимиттерде жеке және заңды тұлғалар жабайы жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізатты және басқа да өсімдік ресурстарын жеке шаруашылық қажеттіліктері үшін өтеусіз жинауға құқығы бар. Жинақ мөлшерлемесі геоботаникалық және ресурстық зерттеу материалдарына, түгендеу негізінде белгіленеді (әр аймақ үшін олар әртүрлі болуы мүмкін).

Заңның негізгі жаңалығы өсімдіктер дүниесінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында хабарлау тәртібін белгілеу. Бұл отандық кәсіпкерлік субъектілері өсімдік әлемін фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық өнімдерді өндіру үшін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын заңды түрде ұтымды пайдалана алады деген сөз.

Өзгелердің жаңалығы