Қазақстанда азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды жедел тәртіппен беру бағасына өзгерту енгізілмек. Бұл туралы Ішкі істер министрінің сәйкес бұйрығына енгізілетін өзгерістер жобасынан белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қызметтердің жаңа бағасы:
Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары үшін:
1-санатты жеделдік – 1 жұмыс күніне дейін: 3372,45 теңге (қазіргі баға – 4983 теңге);
2-санатты жеделдік – 3 жұмыс күніне дейін: 1770,88 (қазіргі баға – 2752 теңге).
Облыс орталықтары үшін:
1-санатты жеделдік – 3 жұмыс күніне дейін: 3372,45 (қазіргі баға – 4983 теңге);
2-санатты жеделдік – 5 жұмыс күніне дейін: 1770,88 (қазіргі баға – 2752 теңге).
Облыстардың аудандары мен қалалары үшін:
3-санат – 7 жұмыс күніне дейін: 677,95 (қазіргі баға – 1116 теңге).
Түзетулер мемлекеттік монополияға жататын «Ақпараттық-өндірістік орталығы» қызметтерінің бағасын төмендету мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің түзетулеріне байланысты енгізіледі, – делінген ІІМ түсіндірме жазбасында.