Елімізде қалааралық бағытта жолаушылар тасымалдайтын жаңа әуе компаниясы пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың мәліметіне сүйеніп.
Ішкі тасымал қызметі үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы әуе компанияларының бірі таңдалмақ.
Қазір тасымалдаушылармен келіссөз жүргізіліп жатыр, - деді Көлік вице-министрі Талғат Ластаев.
Көлік министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жалпы саны төрт әуе компаниясы бар. Енді бесіншісі нарыққа шетелден келмек. Айта кетейік, жақында Air Asia лоукостері Малайзия астанасы Куала-Лумпурдан Алматыға жолаушы тасымалдайтыны белгілі болған еді.
Келіссөздер күрделі процесс екенін білесіздер. Халықаралық мамандар тарапынан біздің әуе тасымалы нарығымызға деген қызығушылықтары бар. Келіссөздер жылдам аяқталады деген үміттеміз, - деді Көлік министрінің орынбасары Талғат Ластаев.