Елімізде жаман ауруды ерте анықтау деңгейі төмен – Аймағамбетов

10 Маусым 2024, 11:43
709
Бөлісу:
Елімізде жаман ауруды ерте анықтау деңгейі төмен – Аймағамбетов
Фото: автордан

Ұлттық ғылыми онкология орталығында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің "Онкология қызметінің проблемалары мен даму перспективалары" отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов Қазақстанда жаман аурудан жыл сайын 13 мың адам қайтыс болатынын айтты.

Асқынған, үшінші, төртінші деңгейде анықталатын науқастар саны өте көп. Ерте анықтау деңгейі, өкінішке қарай, өте төмен болып тұр. Онкологиямен ауыратындардың басым көпшілігі – жастар, балалар. Олардың саны күннен-күнге өсіп жатыр, - деді ол.

Аймағамбетов 2023 жылы онкологиямен ауру көрсеткіші өскенін айтты. Сондай-ақ ауруды ерте анықтау көрсеткіші неге төмен екеніне тоқталды.

Сәулемен емдеу құрылғылары, цифрлы басқа да құрылғылардың барлығы ескірген. Мысалы, ПЭТ/КТ-лар жеткіліксіз. Сәулемен емдеу 37 пайыз дейді. Бірақ керегі минималды 70 пайыз болуы керек. Үлкен сұрақ. Эндоскоптардың 48 пайызы ескірген. Маммографтардың 40 пайызы тіпті ескірген. Сонда ерте анықтау туралы қалай сөз қозғауға болады, - деді депутат.

Өзгелердің жаңалығы