19-21 наурызда Тараз қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесуі аясында бірқатар іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шаралар бағдарламасы тікелей ТМҰ ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесуін, ТМҰ ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысын, 3-ші Түркі Агро Форумын және компаниялармен В2В кездесулерді, ECOSA тұқым конгресін, тұқым шаруашылығы жөніндегі форумды және бірақатар екіжақты кездесулерді қамтиды.
Айта кетейік, Жамбыл облысының әкімдігі мен ExpoGroup ВАК Таразда KazAgro Zhambyl 1-ші халықаралық форум-көрмесін ұйымдастыруда. Форум бағдарламасына Наурыз мейрамын кең көлемде тойлау және 5 000-нан астам келушілер - Түркі Мемлекеттері Ұйымының ауыл шаруашылығы министрлері, Қазақстанның, сондай-ақ алыс және таяу шетелдердің АӨК саласының өкілдері қатысады.
KazAgro Zhambyl форумының негізгі қатысушылары – Тұқым өндірушілер ынтымақтастығы елдерінің экономикалық қауымдастығы (ECOSA) және Тұқым өндірушілер мен өнеркәсіпшілер қауымдастығы (TSUAB). Көрмеге келушілерге арналып Қытайдан келген өндірістік компаниялар өкілдерінің экспозициялары дайындалды, олар ауыл шаруашылығы өнеркәсібіне арналған озық құралдарды көрсетеді.