Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру» жобасының үйлестірушісі Шырын Тленчиева брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, наурыздан бастап Алматы Студенттер альянсы коропоративтік қоры Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы коммерциялық емес АҚ-ның гранттық қаржыландыруы аясында «Жастарды әскери-партиоттық бағытта тәрбиелеу бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру» атты жобаны қолға алған.
Бұл жобаның басты мақсаты – жастардың өзін-өзі тануына, сонымен қатар ұлттық рұхани байлығын жетілдіруге және ұлттық болмысты жастар бойына сіңіруге, әскери-патриоттық бағытты насихаттауға арналған,-деді ол.
Сонымен қатар ол гранттық бағдарлама аясында тұңғыш рет әскери-патриоттық бағытта жұмыс істейтін әскери клубтар мен қоғамдық бірлестіктерге арналған шағын гранттар ұсынылатынын жеткізді.
Осы бағытта жұмыс істейтін ҮЕҰ мен клубтар ішінен он ұйымды байқау арқылы іріктеп алып, шағын гранттарды ұсынамыз. 7 мамырға орай жастар арасында, яғни Tik Tok-та менің әскери образым немесе менің әскери дайындығым деген тақырыпта арнайы челленджді бастауды көздеп отырмыз. Оған қоса метептерде әскери дайындық пәнінің мұғалімдерімен бірге оқыту жұмыстарын да жүргіземіз. Ол кісілерге әдістемелік құралдар дайындалады,-деді Шырын Тленчиева.
Сондай-ақ ол аталған жобаға қоғамдық өмірден тыс қалған азаматтарды тарту арқылы әскери бағытқа моральдық жағынан дайын жастарды дайындап шығарғылары келетінін жеткізді.