Елімізде тұмауға қарсы 2,3 млн адам екпе алды

27 Қаңтар 2025, 11:46
250
Бөлісу:
Елімізде тұмауға қарсы 2,3 млн адам екпе алды
Фото: BAQ.KZ архив

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алыңында өткен брифинг барысында ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде оба, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, паратиф, құтыру және өзге де 16 жұқпалы ауру бойынша жағдайлар тіркелмеген.

Жедел респираторлы вирусты инфекция және тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық маусымы жалғасуда. Жалпы республика бойынша осы жылы эпидемиологиялық маусымдағы сырқаттанудың өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға төмендеуі байқалады. Эпидемиялық маусым басталғаннан бері тұмаудың зертханалық расталған 1686 жағдайы тіркелген. Жалпы республика бойынша тұмауға қарсы 2,3 млн адам егілді, бұл республика халқының 11,6%-ын құрайды,-деді ол.

 

Өзгелердің жаңалығы