Елімізде тұмауға қарсы вакцинаның 2,5 млн дозасы сатып алынды

28 Қыркүйек 2021, 09:45
4354
Бөлісу:
Елімізде тұмауға қарсы вакцинаның 2,5 млн дозасы сатып алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, елімізде қыркүйектің екінші жартысынан бастап тұмауға қарсы вакцинация науқаны жүргізіліп жатыр.

15 қыркүйектен бері тұмауға қарсы жыл сайынғы екпе салу науқаны басталды. Эпидемиологиялық маусымда бірыңғай дистрибьютор болып табылатын «СҚ-Фармация» ЖШС «Гриппол плюс» вакцинасының 2 526 754 дозасын сатып алды. Екпе ел тұрғындарының 13%-ын қамтитын болады, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі. 

Сондай-ақ министрдің сөзінше, тұмауға қарсы вакцина бірінші кезекте медицина қызметкері, медициналық ұйымдарды диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беретін ұйымдарға салынады.

 

Бүгін 270 мыңдай адам немесе халықтың қамтылуы тиіс тобының 10,5%-ы екпе салдырып үлгерді, - деді Алексей Цой. 

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде төрт өңір «жасыл» аймақта екендігін айтқан болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы