Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, тұмауға қарсы вакцинациялау жұмыстары жалғасын табуда.
Бүгінгі таңда 1 млн 380 мың адам немесе тиісті халықтың 54,5%-ы тұмауға қарсы екпе алды. Республикалық көрсеткішке тоқталсақ, 7 өңірде вакцинациямен қамтудың жоғары деңгейі байқалады. Олар: Түркістан облысы, ол жерде екпе алуы тиіс халықтың 85%-ы қамтылған. Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола және Қызылорда облыстарында – 60%-дан астам, Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында 55%-дан астам деңгей қамтылды, - деп атап өтті еліміздің бас дәрігері.Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет басшысы коронавирус пен тұмауға қарсы егу науқанын жалғастыруды тапсырған болатын. Премьер-министр өз сөзінде жалпы эпидемиологиялық жағдай бір деңгейде сақталып отырғанын алға тартты. Барлық өңірде аурушаңдық деңгейі айтарлықтай төмендеген, жағдайы ауыр және стационарлық, амбулаторлық ем қабылдап жатқан науқастар саны да азайған.