Елімізде TikTok-қа тыйым салына ма? - министрлік жауап берді

Бүгiн, 17:09
472
Бөлісу:
Елімізде TikTok-қа тыйым салына ма? - министрлік жауап берді
Фото: ЖИ/chatgpt.com

Әлемде қай елдерде TikTok желісіне тыйым салынған? Қазақстанда желіге тыйым салынуы мүмкін бе? BAQ.KZ тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінен сұрады.

Қай елдерде және не себепті тыйым салынған?

1. Үндістан:
2020 жылдың маусымында ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деген себеппен TikTok-қа тыйым салынды.

2. Ауғанстан:
2022 жылы жастарды "адастырудан" қорғау мақсатында қолданба бұғатталды.

3. Пәкістан:
TikTok бірнеше рет уақытша бұғатталды. Себебі "қабылданбайтын әрі әдепсіз" контент жарияланды.

4. Сомали:
2023 жылдың тамызында "моральға қайшы контенттің" таралуын болдырмау үшін қолданбаны бұғаттау жоспарланғаны хабарланды.

5. Өзбекстан:

2021 жылдан бастап жеке деректер туралы заңды сақтамауына байланысты TikTok-қа қолжетімділік шектелді.

Елімізде TikTok-қа тыйым салына ма? - министрлік жауап берді

Ішінара тыйым бар елдер

Кейбір елдер мемлекеттік қызметкерлеріне TikTok желісін қолдануға шектеу қойған. Олар: Еуропалық Одақ, Канада, Ұлыбритания, Аустралия, Жаңа Зеландия.

Әлеуметтік желілерге толық тыйым салынған жабық елдер

Солтүстік Корея және Түрікменстан.

Бұл елдерде тек TikTok  емес, көптеген әлеуметтік желі, мессенджерлер және хостингтер бұғатталған.

Ал Қазақстан ше?

Қазіргі таңда Министрлік "TikTok" онлайн-платформасына қол жеткізуді шектеу мәселесін қарастырып отырған жоқ, - деп жауап берді министрлік BAQ.KZ тілшісінің сауалына.

Өзгелердің жаңалығы