Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық жолдардың тағы үш учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазавтожол" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында "Екатеринбург-Алматы" жолының Атбасар қаласынан Астрахан ауылына дейінгі жол аралығы жабылды. Сонымен қатар "Көкшетау-Атбасар" тасжолының Зеренді ауылынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы жабық. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысындағы Чапаев-Казталовка күре жолы жабық, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін үш өңірдегі 8 жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілген болатын.